БҚО-ДА ЕКІ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Батыс Қазақстан облысында 2281 оқушыға орын жетіспейді. 12 мектеп апатты жағдайда.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде орынның жетспеуіне байланысты өңірдегі сегіз мектепте – Орал қаласындағы №47, №10, №20, №18, №46, Х.Доспанова атындағы №30, Эстетикалық бағыттағы гимназия және Теректі ауданы Подстепный қазақ орта мектебінде үш ауысымда оқу ұйымдастырылған. Бұл мектептерде 11 356 шәкірт білім алуда. 2281 орынға тапшылық бар.
Облыстағы білім ұяларының 12-сі апатты жағдайда. Орал қаласы бойынша қалалық №33, 31, 45, облыстық №8 мектеп, Қазталов ауданы бойынша А.Оразбаева орта мектебі, Құсайынов атындағы мектеп, Сарықұдық негізгі мектебі, Ақжайық ауданындағы М.Өтемісов мектебі, Абай атындағы гимназия, Бәйтерек ауданындағы Жамбыл негізгі мектебі, Достық орта мектебі, Жайық ауылындағы бастауыш мектептің орнына жаңа ғимарат салынуы қажет. Бұл мектептерде 4132 оқушы оқиды.
Биыл үш мектептің құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Нақтырақ айтқанда, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 100 орындық интернатымен 300 орынға есептелген мектептің құрылысы аяқталып, апатты мектептің орнына пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Орал қаласында 900 орындық №51 мектеп ғимарат қолданысқа беріліп, үш ауысымда оқытуды қысқартуға мүмкіндік жасалмақ. Сонымен бірге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы Қазталов ауданы Қазталов ауылында апатты мектептің орнына салынып жатқан нысан құрылысына жұмсалады. Бұл мектеп 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында апатты деп танылған Орал қаласындағы №33 мектептің, Қазталов ауданы Сарықұдық ауылында 60 орындық мектептің құрылысы басталады.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 782,0 млн. теңгеге білім беру саласындағы төрт нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 28 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді. Оған 8 638,0 млн. теңге бағытталады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу