БҚО-ДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНБАҚ
Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс орталығының жаңа келбеті «Ақжайық» шағынауданында құрылысы бастау алды. Күні бүгін шағынауданға магистральдық инженерлік желілер тартылып, көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.
Аталған ауданда «Қазхол» ЖШС және «Болашақ-Т» ЖШС құрылыс компаниялары “Отбасы банк” АҚ салымшылары үшін 9 қабатты 244 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаса, 24 көппәтерлі тұрғын үйдің ЖСҚ-ы әзірленіп, сараптамадан өтуде. Оның ішінде 9-қабатты 14 көппәтерлі тұрғын үй және 5 қабатты 10 көппәтерлі тұрғын үй.
Сондай-ақ, «Ақжайық» ӘКК арқылы коммерциялық тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері бөлініп, шағын ауданнан 20-ға жуық коммерциялық тұрғын үйлер салу жоспарлануда.
Айта кету керек, алдағы жылы облыс орталығының 5-ші шағынауданынан денсаулық сақтау саласы және полиция қызметкерлері үшін әлеуметтік тұрғын үй салынбақ.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу