8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Маусым 2020 1502 0
Қоғам

БҚО-ДА ҰБТ КЕЗІНДЕ ТОҒЫЗ ТАЛАПКЕР ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН ҰСТАЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында ҰБТ-ның екінші күні   7 тестілеу пунктінде өтті. Жаңақала, Жәнібек, Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Қазталов ауандары мен Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-да ұйымдастырылыған тестілеуде 769 талапкер тест тапсырды.    

 

Елде орын алған ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар ескеріліп, оқушылардың арақашықтығы сақталды. Түлектер алдымен дезинфекциялық тоннельден өтіп, дене қызуын өлшетіп, медициналық маска және қолғаппен қамтамасыз етілді.

БҚО білім басқармасының мәліметінше, екінші лекке қатысуға тиіс 794 талапкер өтініш білдірген. Олардың тоғызы өз еріктерімен тест тапсыруға келмеді. Тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 6 талапкер тест тапсыруға жіберілмеді.

Тестілеу кезінде ережелерді бұзып, ұялы телефон пайдаланғаны үшін Орал қаласы, Сырым, Бөрлі, Жәнібек, Қазталов аудандарынан  жалпы саны тоғыз талапкер аудиториядан шығарылып, биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тәртіп бұзғандардан бөлек, 1 талапкер денсаулық жағдайына байланысты ҰБТ-ны басқа күні, сауыққан соң тапсырады.

Айта кетейік, 22 маусым күні БҚО бойынша 193 талапкер ҰБТ сынағын тасырды.

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»