БҚО-ДА ҰБТ БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРҒЫ БАЛЛ – 137
Биыл Батыс Қазақстан облысындағы орта мектептерден 5 032 түлек түлеп ұшты. Олардың 3 892-сі Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға ниет білдірген. Бұл бітірушілердің 77,3 пайызы.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – түлектер үшін жаңа өмірге жолдама. Сондықтан мектеп бітіріп, қолына аттестатын алған әрбір жас өз таңдауына қол жеткізуі үшін бар қарым-қабілетін көрсетіп, сыннан сүрінбей өтуге тырысады. Еліміз бойынша ҰБТ 20 маусымнан басталды. Біздің өңірдегі ҰБТ пункттері 21 маусымнан бастап жұмыс жасады. 24 және 26 маусым күндері облыс орталығындағы қос бірдей іргелі оқу орнындағы тестілеу пунктінде екі мыңнан аса жас білімдерін таразыға салды.

25 маусымдағы мәлімет бойынша ҰБТ-дан облысымызда жоғары ұпайды еншілеген Асқар Сайын. Ол Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының түлегі. «Алтын белгі» иегері 140 ұпайдың 137-сін жинаған. Математика мен географиядан толық 40 ұпайдан, тарихтан – толық 20 ұпайды алған Асқар оқу сауаттылығынан – 19, математика сауаттылығынан – 18 балл жинаған екен.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу