8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Маусым 2020 1338 0
Өзек

БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ 95 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған 1431 жағдай тіркелді. Бүгінде 893 адам жазылып шықты. Алайда 7 адам көз жұмған. Облыстағы эпидемиолгияылқ ахуал тұрақсыз. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы М.Арыспаев айтты.

28 маусымда өңірде 95 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 53-інде клиникалық белгілері болмаған, 42-сі ауру белгілері бар науқастар. Олардың 20-сы бұған дейін коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған, екеуі эпидемиологиялық қадағалау бойынша анықталғандар, 18 адам жедел вирустық инфекция белгілерімен медициналық көмекке жүгінген.

Бас санитарлық дәрігердің  мәліметінше, бүгінде 821 ошақта ауру жағдайлары тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық жағдайы 218-ді құрады. 3 маусымнан бастап клиникалық белгілері жоқ 1071 тасымалдаушы тіркелді.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі Орал қаласында тіркелген, дегенмен аудандарда да аз емес. Мәселен, Ақжайық ауданында – 41 жағдай, Бөкей орда ауданында – 16, Бөрліде – 41, Жаңақалада – 8, Жәнібекте – 27, Бәйтеректе – 84, Қаратөбеде – 6, Сырымда – 31, Тасқалада – 48, Теректіде – 41, Қазталовта – 3, Шыңғырлауда – 6, ал Орал қаласында – 1079 жағдай тіркелді.

– 1 маусым мен 28 маусым аралығында 761 ауру жағдайы тіркелді. 28 маусымдағы аурушаңдықтың өсу деңгейі – 3,0 пайыз болса, 27  маусымда 3,3  пайызды көрсетті. 25 аптаның көрсеткіші бойынша өсу бағыты 2,6  пайызды құрады,   –  деді Мұхамғали Қайыржанов.

761 жағдайдың 332-сі қарым-қатынастағы адамдар арасынан анықталса (43,1%), 65 адамнан (9,0%) профилактикалық мақсатта тексеру кезінде, 32 адамнан (4,1%) эпидқадағалау бойынша анықталды, ал 332 адам ауру белгілерімен медициналық көмекке өздігінен жүгінген.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
109 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
165 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
229 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
263 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
308 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»