БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ 28 АДАМНАН КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ
Қараша айы басталғалы облыста коронавирустық инфекцияның 503 жағдайы тіркелді. 205 жағдайда ауру белгілері бар болса, 298 жағдайда – ауру белгілері жоқ. Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетіетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев баян етті.

Облыс бойынша COVID-19 инфекциясының 7527 жағдайы тіркелген, оның ішінде ауру белгілері бар науқастар 3687 болса, 3840 науқаста ауру белгілерінсіз өткен. Сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1140,5 құрап тұр. Осы кезге дейін індеттен 6961 адам сауығып, өкінішке орай 128 адам қайтыс болды.
1-16 қараша аралығында анықталған 503 жағдайдың басым бөлігі, яғни 360 оқиғасы Орал қаасында тіркеліп отыр. Бәйтерек ауданында – 63 жағдай, Бөрліде– 32, Теректіде – 12, Шыңғырлауда – 10, Жәнібекте – 8, Қазталовта – 7, Жаңақалада – 6, Сырымда – 4, Қаратөбеде – 3, Бөкей ордасы және Ақжайық аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелген.
– Аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 223 адамда, ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 136 адамда, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 99 адамда және профилактикалық мақсатта тексерілген 45 адамда анықталды, – деп нақтылады Нұрлыбек Мұстаев.
БҚО өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 28 жағдай тіркелген. 13 пациентте ауру белгілері бар болса, 15 пациенттің ауру белгілері байқалмаған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендер арасында 10 жағдай, қарым-қатынаста болғандар арасында – 9, ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында 8, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендер арасында 1 жағдай тіркелді.
1 қарашадан 16 қарашаға дейін облысымызда мемлекеттік шекарадан 12047 адам өтті, оның 2267-сі – жолаушы. 224 жолаушының COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтамасы болмаған. Олар үш тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тесті алынды, нәтижесінде төртеуінде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 4022, оның ішінде 2178 жүргізушінің анықтамалары болған. Ал 1844 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест 17 адамда оң нәтиже көрсеткен.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу