БҚО-ДА БІР ОТБАСЫНАН БІРНЕШЕ АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛУДЕ
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев айтты.

Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша COVID-19 инфекциясының 8963 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 4521, симптомсыз – 4442 жағдай. Індеттен 7890 адам сауығып, өкінішке орай 160 адам қайтыс болды.
1 желтоқсаннан бері коронавирустық инфекциямен барлығы 886 жағдай тіркелген, оның ішінде 542 жағдайда ауру белгілері бар болса, 344 жағдайда – ауру белгілері жоқ. Олардың басым бөлігі Орал қаласында, яғни 518 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 58,8 пайызын құрады. Бөрлі ауданында – 133 жағдай (15%), Бәйтерек ауданында – 103 жағдай (11.6%), Казталов және Теректі аудандарында – 25 жағдайдан (2.8%), Жаңақала ауданында – 16 жағдай, Ақжайық және Бөкей ордасы аудандарында – 15 жағдайдан, Тасқала ауданында – 11 жағдай, Сырым ауданында – 10 жағдай, Жәнібек ауданында – 8 жағдай, Шыңғырлау ауданында – 4 жағдай тіркелген. Ай басталғалы Қаратөбе ауданында бірде-бір жағдай тіркелмеді.
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы М.Арыспаевтың мәліметінше, өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен өңірде 29 жағдай тіркелді, оның ішінде 16 жағдайда ауру белгілері бар болса, 13 жағдайда ауру – симптомсыз. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 15 адамда (51,7%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 9 адамда (31%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 3 адамда (10,3%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 2 адамда (6,8%) анықталды.
– ЖРВИ белгілері бар науқастардың арасында коронавирустық инфекцияның көптеп табылуы (көбінесе инфекция көздері белгісіз) олардың қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтамауын, жеке қорғаныш құралдарын кию ережелерін бұзуын, адамдар көп жиналатын жерлерде болуын болжайды. Сонымен қатар, байланыста болған адамдар арасында да жиі анықталуы үй карантиніндегі науқастардың өзін-өзі оқшаулау қағидаттарын сақтамауының және бұзуының салдары болып табылады, осылайша үй ошақтарында тығыз байланыста болған адамдарға жұқтырады, мысалы, Теректі ауданында, бір отбасылық ошақта 3 адам ауырып қалды, Тасқала ауданында бір отбасында 4 адамда (КВИ анықталған адамның ата-анасы мен ұлы) анықталды. Бөрлі ауданында бір отбасы ошағында 5 адам коронавирус жұқпасымен ауырды, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу