БҚО-ДА БІР КЕШТЕ ЕКІ ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТЕНДІ
Кеше, 10 желтоқсанда түнгі уақытта облыс ауамағында екі тұрғын үй өртенді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт оқиғасының бірі Тасқала ауданында тіркелген. Түнгі сағат 23.52-де БҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ № 15 өрт сөндіру бекетінің «101» байланыс телефонына БҚО Тасқала ауданының Тасқала ауылы Қ.Аманжолов көшесі, 11 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт салдарынан тұрғын үй кіреберісінің 30 шаршы метр шатыры жанып кетті. Өрт сөндіру қызметінің ұтымды іс-қимылының нәтижесінде көршілес орналасқан пәтерге өрттің таралу қаупі уақытылы тоқтатылған. Сондай-ақ өрт сөндірушілер бір газ баллонын шығарып, болуы мүмкін жарылыстың алдын алды. №15 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өртті сағат 1.55-те толық сөндірді.
Екінші жағдай «Любителей природы» бау-бақша қауымдастығының №30 мекенжайы бойынша тіркелген. 90 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үйде өрт шығып, ол сағат 23.27-де ошағы оқшауланып, түнгі сағат 2.00-де толықтай жойылды.
Жыл басынан бері өңірде 588 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде тұрғын үй секторында 358 өрт оқиғасы орын алды. Өрттен 6 адам қаза тауып, 8 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Материалдық шығын 605 000 теңгені құрады.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті өртті болдырмау мақсатында электр сымдарының, ажыратқыштардың, розеткалардың, электр қондырғылары мен жабдықтарының жарамдылығын қадағалауды, қолдан жасалған электр қыздырғыш құрылғыларды қолданбауды, бөлмелерді жылытуға газ плиталарын пайдаланбауды, үйден шығарда газ және электр құрылғылары ажыратылғанына көз жеткізуді, жылыту пештерін уақытылы жөндеп, түтіндіктерді күйеден тазалап тұруды, сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтауды, сондай-ақ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу