8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2024 2873 0
Қоғам

БҚО-да азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Бүгін Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының өңірлерде Азаматтарды қабылдау орталықтарын кеңейту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс және Орал қаласы, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының жанындағы Азаматтарды қабылдау орталықтары ашылды.


Облыс орталығындағы орталықтың ашылу салтанатына қатысқан БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы өз сөзінде: «Біз Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мемлекеттік органдардың ашықтылығын көрсететін құралдың бірі – ол азаматтарды жеке қабылдау болып табылады. Былтырғы жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері 7 746 азаматты жеке қабылдады. Осындай орталықтар азаматтардың өзекті мәселелерін дер кезінде құзырлы органдар өкілдерінің басшыларымен бірлесе шешуге ықпалын тигізеді».

Сондай-ақ, аталған орталықта облыс әкімі  алдын-ала қабылдауға жазылған 10 тұрғынды қабылдады. Азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерін айтты. Өңір басшысы тиісті сала басшыларына азаматтардың мәселелерін шешу бойынша тапсырма берді.

       Тұрғындарды толғандыратын мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатымен құрылған азаматтарды қабылдау орталығында облыстық басқармалардың құзыреті шеңберінде кеңестер беріліп, облыс әкімімен, орынбасарларымен, барлық облыстық басқарма басшылары мен орынбасарларымен және аумақтық департамент басшыларымен бірыңғай кестеге сәйкес алдын-ала жазу арқылы жеке қабылдаулар жүргізілетін болады. Ендігі кезекте орталықта облыстық басқармалар, Орал қаласы әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік корпорациясықызметкерлері жұмыс жасайды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
23 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
136 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
193 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
257 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
289 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»