БҚО-ДА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМЕГЕН
Қаратөбе аудандық прокуратурасы бюджеттік ұйымдардың еңбек және ұжымдық шарттарының Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына назар аудара отырып, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы, 2-тармағына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, Батыс Қазақстан облысының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына сәйкес облыста арнайы режимді енгізумен шектеу іс-шаралары енгізілуіне байланысты, ауданның бірқатар бюджеттік ұйымдарының қызметі толық немесе ішінара тоқтатылды.
Соның ішінде «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шраларды күшейту туралы» Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №123 бұйрығының 4-қосымшасының 2-тармағына сәйкес, 2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуға көшкен болатын.
Кодекстің 138-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.
Талдау нәтижесінде, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі Кодекстің 138-бабы, 2-бөлігінің талабын бұзып, ұжымдық шарттарда ескермей, аудандық білім беру ұйымдарындағы қашықтан жұмыс істеуге көшкен жұмыскерлерге меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланғаны үшін өтемақы төлемдерін жүргізбей, 583 жұмыскерлердің Конституциялық құқығын бұзғаны анықталды.
Аталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау акті енгізіліп, 583 жұмыскердің Конституциялық құқықтары қорғалып, 547 жұмыскерге жалпы соммасы 2,53 млн. теңге көлемінде өтемақылары төленді. Қалған 36 жұмыскерге ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін төленетін болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу