БҚО-ДА ҚАТТЫ ЖЕЛ ШАТЫРДЫ ҰШЫРЫП, ЭЛЕКТР БАҒАНДАРЫН ҚҰЛАТТЫ
БҚО облысы аумағында 29 маусым күнгі 13-22 м/с екпінді желдің салдарынан тұрғын үйлер мен ұйымдардың болжалды ауданы 1434 ш.м. болатын төбе жабындары ұшып, 47 электр желілері мен «Билайн» ұялы байланыс операторының бағаналары құлап, елдімекендер электр қуатынсыз қалды.

БҚО ТЖД дағдарыс орталығының мәліметінше, Тасқаланың Оян ауылында орта мектептің шатыры жұлынып кеткен, Ақжайық ауданының Базартөбесінде қатты жел мектептің, ауылдың әкімдік ғимаратының және 12 үйдің шатырын ұшырды.
Сырым ауданында электр желілерінің 36 тірек бағаны құлады. Салдарынан Қособа, Қарақұдық, Жарқамыс, Көздіғара ауылдарындағы 200-ден астам тұтынушы мен 6 әлеуметтік мекеме электр қуатынсыз қалды.
Бұлдыртыда жергілікті әкімдік ғимаратының, ауылдағы кітапхана, «Болашақ» дүкені, «Бәйтерек» кафесінің шатырлары және үш жеке үйдің шатырлары ішінара жұлынып кеткен. Қособада 21 үйдің, Жырақұдықта 14 үйдің, Шағырлыойда 20 үйдің, Қосаралда сегіз үйдің шатырын жел ұшырып кетті.
Секундына 22 метрге дейін соққан қатты жел Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының шетіндегі «Билайн» ұялы байланысының бағанасын құлатып кеткен.
Ал бүгін Қазталовта екпінді желдің салдарынан 11 тірек бағаны құлады. Қазіргі уақытта комиссия шығын көлемін есептеуде.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу