БҚО-ДА ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ЖҮРУДЕ?
Осы аптада оқу жылының төртінші тоқсаны басталды. Небары алты аптаға ғана ұласатын оқу кезеңі әдеттегіден өзгерек жүргізілуде. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оқушылардың білім алуы қашықтан ұйымдастырылды. Облыста 108 мыңдай шәкірт осы жүйеде сабақ материалдарын игеруге кірісті. Дегенмен, алғашқы күннен-ақ бұл жүйенің қиындықтары байқалуда. Әлеуметтік желідегі ата-аналардың ортақ топтарында наздарын жеткізіп жатқандар жетерлік.

Қашықтан оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасын онлайн-байланыс арқылы жалғау жоспарланғанымен, кейбір елдімекендердің ғаламторға қосыла алмауынан бұл мүмкін болмады. Осылайша, оқу тоқсаны басталмас бұрын өткізілген сынама сабақтан кейін Білім және ғылым министрлігі дереу онлайн сабақ өткізуден бас тартып, әр оқушы, әр мұғалім үшін тиімді жолдарды ұсынды.
Бұл жүйемен оқытуда БҚО білім басқармасы тарапынан әр оқушының, мұғалімнің компьютерлік құрылғылармен, интернетпен қамтамасыз етілуі бойынша талдаулар жасалып, білім беру ұйымдарының балансынан компьютерлік қондырғылар уақытша пайдалану үшін педагогтар мен ата-аналардың материалдық жауапкершілігіне берілген. Сондай-ақ үнемделген қаржыдан компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер сатып алынуда.
– Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мәліметі бойынша, шәкірттеріміздің 91,5 пайызында компьютерлік құрылғылар, смартфондар болса, 86,9 пайызының интернетке шығу мүмкіндіктері бар. 9 288 оқушыда компьютер жоқ. Бүгінде 2 554 балаға мектептердегі компьютерлер уақытша пайдалануға берілді. Облыс мектептеріндегі 14 мыңнан астам мұғалімнің 98,9 пайызында компьютерлік құрылғылар, смартфондар бар екен. Ал қалған 601-іне компьютерлер уақытша пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып үнемделген қаржы есебінен компьютерлер сатып алынып, оқушыларға уақытша пайдалануға берілетін болады, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова.
Үйде ноутбук немесе компьютер болмаса да білім алуға кедергі жоқ екенін сала мамандары айтып отыр. Телеарналар мен радиодан жаңа сабақты мұқият тыңдап, ұялы телефон арқылы да тапсырмалар алып, кері байланыс жасауға болады. Облыс орталығынан шалғайдағы ауылдардың жағдайын алға тартпай-ақ, қалаға іргелес елдімекендерде мәселенің бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Атап айтқанда, Ветелки, Сарытау, Меловые горки, Деркөл, Маштаков, саяжайлар аумақтарында ұялы байланыс сапасы төмен…
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2020 жыл 9 сәуір күнгі №13 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу