БҚО-ДА АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 77 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІЛІК АНЫҚТАЛҒАН
Батыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін 77 мектептің құрылысына қажеттілік анықталған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оның 51-і ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектеп. Жобалық қуаттылығынан артық 26 модульдік мектеп анықталған.
БҚО білім басқармасының дерегінше, Президенттің облыста модульдік мектептер салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес 60 және 108 орындық шағын жинақты мектептер салу жоспарланған көрінеді. 2022 жылы шағын жинақты 16 мектептің құрылысын әлеуметтік инвестициялық жобалар аясында КПО Б.В. есебінен іске асыру жоспарлануда.
Білім басқармасы жеке мектептер құрылысына жеке инвесторларды тарта бастаған. Атап өтсек, «Нуркапстройгаз» ЖШС Зашаған кентінде 900 орындық мектептің іргетасын қалады.
«Каз-Холл» ЖШС Орал қаласының №31 апатты жағдайындағы мектепті бұзып, орнына 400 орындық мектеп салмақ.
Қазір БҚО-да 10 білім беру нысанының құрылысы жүруде. Былтыр 8 мектептің құрылысына 4 млрд. 860 млн. 696 мың теңге қаражат бөлінген.
https://sarapshy.info/b-o-da-alda-y-sh-zhylda-77-mektepti-rylysyna-azhettilik-any-tal-an/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу