БҚО-ДА АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА 177 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ
«Nur Otan» партиясының БҚО-дағы филиалы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бес жылға арналған жол картасын бекітті. Бұл құжатта облысты дамытудың жеті басым бағытын айқындалған. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев осы бағыттардың алғашқысы – Экономикалық тұрақты аймақ бағыты бойынша алдағы бес жылдың жоспарымен бөлісті.
– Экономикалық тұрақты аймақ – облыстың экономикалық даму жоспары. Алдағы бес жылда біз 177 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мұнайды терең өңдейтін зауыт, индустриялық аймақ құру, метанол өндіру зауытын салу, үш сауда және көлік логистика орталығын салу сынды ірі жобалар жоспарланған. Жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім түрлерін одан әрі шығару мақсатында халықаралық сапа стандарттарын алу жолымен жұмыс істеп тұрған 10 кәсіпорынды жаңғырту көзделіп отыр. Жыл сайын кемінде 5 өнеркәсіптік кәсіпорынға экспорттық шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылуда. Жалпы бес жыл ішінде осы шараларды іске асыру арқылы 58 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл өңірімізде жұмыссыздықты азайтуға зор септігін тигізеді. Бүгінде облыста 670 мыңға жуық тұрғын бар, соның 300 мыңнан астамы – еңбекке қабілетті жастағылар деп санасақ, 58 мың азамат солардың 20 пайызын құрайды, – дейді Мұрат Мұқаев.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығына көңіл бөлінбек. Агроөнеркәсіптік кешенде 34 инвестициялық жоба бар. Осы инвестициялық жобаның ішінде сүт өндіру кешені, үш жылыжай кешені, 4000 тоннаға арналған көкөніс қоймасы, жалпықуаттылығы 54 мың ірі қараға арналған 27 бордақылау алаңын салу көзделді. Бүгінде бірқатар бордақылау алаңдары іске қосылуда. Ең маңызды мәселе – жылыжай.
– Бұрын шағын жылыжайлар ғана болатын. Қазіргі заманауи жылыжайлар голландиялық технологиямен салынып жатыр. Ақсай қаласында жақын күндері 8 гектарлық заманауи жылыжай іске қосылады. Орал қаласында екі жылыжай салынуда. Бұл экспортқа 250 мың АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Осы шаралар арқылы агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі 1,5 есеге артады. Өңіріміздің климаты – ауыл шаруашылығына қолайлы саналады. Сондықтан бұл саланы дамыту назарда, – дейді Мұрат Мұқаев.
Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жылына 270-тен астам жоба мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады. 5 мыңнан астам шағын несие, жаңа бизнес идеялар үшін 3 мың грант беріледі. 281 гектар алаңға индустриалдық аймақ құру жоспары бар. Индустриалдық аймақ Теректі ауданы, Оралдың Деркөл, Зашаған кенттері аумақтарынан жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2025 жылға дейін кәсіпорындардың санын 45 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бермек.Жалпы өнім шығару 1,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайтылады деп күтілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
«Жайық үні-Жизнь города» газеті
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру

Пікір үстеу