БҚО-ДА «АҢСАҒАН СӘБИ» ПРЕЗИДЕНТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту қажет»,-деген болатын.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы бастау алды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – көмекші репродуктивті технологиялар көмегімен Қазақстандағы демографиялық жағдайды жақсарту.
Бұл мәселені шешу үшін биылғы жылы Медициналық сақтандыру қоры экстракорпоралды ұрықтандырудың 7000 циклын қаржыландыру жоспарлаған.
Жасанды ұрықтандыруды жасату квоталарының саны өткен жылмен салыстырғанда 7 есе өсті.
Жақында біздің облысымызда да Президенттік бағдарлама аясында алғашқы нәресте дүние есігін ашты.
Репродуктивті медицина институтының репродуктолог дәрігер Людмила Бадельбаеваға 34 жастағы Ольга (әйел адамның сұрауы бойынша аты-жөні өзгертілген) жүгінді. Төрт жыл нәтижесіз емделуден кейін, «Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасының арқасында көптен аңсаған арманы орындалды. Әйел адам осыдан бір ай шамасында Орал қаласында салмағы 3250 грамм, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу