БҚО-ДА 8 836 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің мөлшерінің арттырылуы туралы айтып берді.

Баланың дүниеге келуіне және 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, Алтын алқа, Күміс алқа, Батыр ана марапатымен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерлері АЕК өсуіне байланысты арттырылады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшері – 2917. Яғни қазіргі таңда 1, 2, 3 баланың дүниеге келуіне байланысты төленетін жәрдемақы 38 АЕК тағайындалады. Бұл – 110 846 теңге, ал 4 және одан көп баланың дүниеге келуіне орай төленетін жәрдемақы 63 АЕК болады. Бұл – 183 771 теңге.
Сондай-ақ егіз немесе үшем дүниеге келсе әрқайсысына бөлек тағайындалып, төленеді.
– Республикалық бюджеттен баланың 1 жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты төлемдер баланың реттік санына қарай тағайындалады. Мәселен, 1 балаға – 16 802 теңге, 2 балаға -19 865 теңге, 3 балаға – 22 899 теңге, 4 және одан көп балаға – 25 962 теңге көлемінде төленеді. Бүгінде облыста республикалық бюджеттен баланың 1 жасқа дейінгі күтімі үшін жәрдемақы алушы – 1927 адам, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО филиалының сарапшысы Динара Хайретдинова.
Көп балалы отбасыға төленетін, яғни құрамында бірге тұратын кәмелет жасына толмаған 4 және одан көп балалары, оның ішінде кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқып бітіргенше, яғни 23 жасқа толғанша төленетін жәрдемақы мөлшері 2005 жылдың 28 маусымындағы «ҚР Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» №63 Заңына сай былтырдан бастап отбасындағы бала санына қарай белгіленді
4 балаға – 46 760 теңге, 5 балаға – 58 457 теңге, 6 балаға – 70 154 теңге, 7 балаға – 81 852 теңге, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға 105 012 теңге төленеді. Облысымызда көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алып отырған отбасы – 8 836. Оның ішінде тоғыз баласы бар үш отбасы бар.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу