БҚО-ДА 7354 ЖАС «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Бүгін, 22 желтоқсан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Нұрхат Ораш 2020 жылы өңірде жастар саясаты саласында жасалған жұмыстар туралы мәлім етіп, жастардың жұмыспен қамтылу шараларына тоқталды.

Спикердің сөзінше, 2020 жылдың 1 желтоқсанына Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7354 жас жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен қамтамасыз етілген. Соның ішінде, 6207 жас жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 2586 жас жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына, 130 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 1835 жас маман жастар практикасына, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1656 жас жолданған.
– Бұған қоса, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 126 жас жолданды, 95 жас оқуын аяқтап, 54 жас жұмысқа орналастырылды, 98 жас несие алды, 517 жас жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз негізде гранттар алды. «Бизнес – Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 406 жас жолданды, – деді Нұрхат Серікқалиұлы.
Биыл өңірде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 818 маман ауылдық жерлерге тартылып, 224,4 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. 555 маманға 2,154 млрд.теңге көлемінде баспана алуға несие берілген.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1175 сарбаз, студенттік құрылыс жасақтары құрамында 371 жас маусымдық жұмыспен қамтылды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу