БҚО-ДА 223 МЕКТЕП – ДӘСТҮРЛІ, 157 МЕКТЕП – ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАЙДЫ
2020-2021 оқу жылына санаулы күн қалды. Қазіргі уақытта жалпы республикалық педагогикалық кеңестің аясында өңірдегі мектептерде педагогикалық кеңестер өткізілуде. Бүгін Оралдағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінде өткен педагогикалық кеңес барысында оқу жылының басталуындағы ерекшеліктер, өзгерістер және оқу процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де сауалдар бойынша түсіндірілді. БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың айтуынша, биылғы оқу жылында облыс бойынша 380 мектепте 110 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде 1 сыныпқа 12 мыңдай шәкірт қабылданбақ.

Жаңа оқу жылы қашықтық және штаттық режимде басталады. Қазіргі уақытта аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес эпидемиологиялық жағдайы тұрақты, оқушы контингенті аз 223 мектеп дәстүрлі форматта оқытады. Бұл мектептер бойынша жалпы 16 мың оқушы оқиды. Ауылдық елдімекендердегі оқушы контингенті көп мектептер және қала мектептері қашықтан оқыту форматында жаңа оқу жылын бастайды. Нақты айтқанда, 157 мектеп қашықтан оқытады. Алайда, осы мектептерде ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сыныптар үшін «кезекші сыныптар» ұйымдастырылуда. Болжам бойынша 2400-ден аса кезекші сынып ашылып, 30 мыңдай оқушы қамтылады. Әр кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін ғана бала болады. Сыныптағы балалардың арасындағы әлеуметтік қашықтық сақталады. Әр сыныптың үзіліске шығу уақыты да әр түрлі болады.
– Штаттық режимде және кезекші сынып жүйесінде жұмыс жасайтын мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталады. Білім беру ұйымдары үшін дезинфекциялық құралдар, оның ішінде санитайзер, тепловизер, антисептиктер, дезинфекциялық кілемшелер сатып алынды. Қашықтан оқитын мектеп оқушылардың интернетпен, компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Өткен оқу жылында, яғни алғашқы жартыжылдықта үнемделген қаржыға 1400-ден аса компьютер алынса, енді аудандық және қалалық білім беру бөлімдері 1900-дей компьютер сатып алады. Оған қоса республикалық бюджет есебінен облыс мектептеріне 15 мыңға жуық компьютер сатып алу үшін ақша бөлінді. Мектептердің компьютерлері компьютерлік құрылғыларды қажет ететін балаларға қайтарымды негізде уақытша пайдалануға беріледі. Қазір оқушыларға компьютерлерді үлестіру басталды. Бұл процеске мектептердің ата-аналар комитеттерінің, қамқоршылық кеңесердің мүшелері және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңесесінің өкілдері де тартылуда. Компьютерлер бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына беріледі. Сонымен қатар оқушылар оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі. 1-10 сынып оқушылары оқулықтарын толық алды. Биыл 11 сыныптың оқулықтары жаңадан басылып шықты. Бұл жаңа оқулықтарды сатып алуға қаржы толықтай бөлінді. Қазір баспалардан өңірімізге тасымалдау жүргізілуде. 11 сынып оқушыларына да кітаптар 1 қыркүйекке дейін үлестіріледі, – деді Зәуре Базарғалиқызы.
Карантиндік жағдайға байланысты мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылмайды. Десек те, ата-аналардың балаларына жеңіл тамақ беріп жіберулеріне рұқсат беріледі.
Педагогикалық кеңесте сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қаралды. Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды тақырып – карантиндік және шектеу шаралары жағдайында 2-11(12) сыныптардағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Педагогикалық кеңесте білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі уақытша өзгерістер де түсіндірілді. Сондай-ақ бірыңғай мектеп ұстаздары қолданатын платформаны пайдаланудың ерекшеліктері талқыланып, келісілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу