БҚО-ДА 180 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ЕКПЕ САЛЫНАДЫ
1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады. БҚО бойынша 180 мыңнан астам тұрғынға салынады деп жоспарланған. Бүгін, 22 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, сондай-ақ журналистер тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.

Бірінші кезекте инфекциялық стационарларда, жедел жәрдем қызметінде жұмыс атқаратын медицина мамандары, эпидемиологтар, одан кейін мұғалімдер, ішкі істер министрлігінің медицина қызметкерлеріне салынады.
– Вакцинациялау кезінде Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V» вакцинасы қолданылады. Сонымен қатар қазіргі уақытта отандық «KazCovid-IN» вакцинасы зерттеуден өтуде. Бірінші, екінші кезеңдерінен сәтті өтті, қазір үшінші кезеңінен өткізілуде. Нәтиже сәтті болса, ол вакцина да қолданылады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Сондай-ақ спикер ҚР-ның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне сай екпе алу ерікті екенін, мәжбүрлеу болмайтынын атап өтті. Әр вакцина алушы медицина қызметкерінен вакцина туралы және алғаннан кейін қандай әсері болатынын сұрап біле алады. Сондай-ақ вакцина алудан бас тартуына да болады. Вакцинациялау алдында ағарту жұмыстары жүргізіледі.
– Вакцина екі кезеңде салынады. Бірінші екпеден иммунитет жартылай қалыптасады. Қайта вакцинациялау алғашқы екпеден кейінгі 21-інші күні салынады. Екі екпеден иммунитет толық қалыптасады, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу