БҚО-ДА 15 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қызметін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

БҚО-да бүгінгі күнге коронавирустық жұқпаның 414 жағдайы тіркелді. Олардың 15-і – 14 жасқа дейінгі балалар.
Ақжайық ауданында – 5, Бөрлі ауданында – 7, Теректі ауданында – 2, Бәйтерек ауданында – 5, Жәнібек ауданында – 2, Тасқала ауданында – 11, Сырым ауданында – 5, Орал қаласында – 377 жағдай тіркелді.
– Жәнібек ауданында кейінгі екі күннің ішінде тіркеліп отыр. Олардың біреуі – жеке кәсіпкер. Ол Орал қаласы мен Жәнібектің Қамысты елдімекені арасында азық-түлік тасумен айналысқан. Екіншісі – «Теңіз»кентінде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын Борсы ауылының тұрғыны. Ол «Теңізден» келгеннен кейін карантиндік стационарда сынама алынып, теріс нәтиже бойынша ауылына жолданған. Кейін дене қызуының көтерілуіне байланысты жергілікті медицина қызметкері карантиндік стационарға орналастырған. Бүгін ол облыстық жұқпалық аурулар ауруханасына жеткізіледі. Қарым-қатынаста болғандар анықталуда, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аталған елдімекендерде бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин жарияланады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Сондай-ақ бұған дейін Сырым ауданында карантин жарияланған болатын.
Сондай-ақ Нұрлыбек Мұстаев карантиндік шараларының қатаңдатылуы немесе жұмсартылуы бір апта ішіндегі аурушаңдық деңгейіне байланысты қабылданатынын айтты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда 342 адам бар, үй оқшаулауында – 1134 адам дәрігерлер бақылауында. 226 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің бақылауында.
Эльмира НҰҒМАНОВА
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу