БҚО-ДА 1 СӘУІРДЕН БЕРІ 57 ОҚУШЫДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін, 9 сәуір күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Батыс Қазақстан облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайы мәлім етілді.
20 наурыздан бастап БҚО өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта. БҚО санитариялық-эпидеиологиялық бақылау департаментінің басшысы М.Арыспаевтың мәліметінше, 1 сәуірден бері COVID-19 инфекциясының 864 жағдайы анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 450 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 256 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 147 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 11 адамда анықталды.
1 сәуірден бастап КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынастағы 1523 адам анықталып, медициналық бақылауға алынды. Соңғы аптада (02.04-08.04.2021ж.) өткен аптамен (26.03.-01.04.2021ж.) салыстырғанда аурушаңдықтың 14 пайызға (653-тен 760-қа) өсуі байқалады.
Кәсіби құрамы бойынша коронавирус инфекциясы жұмыс істейтін адамдар, зейнеткерлерден көбірек анықталған. 1 сәуірден бері оқушылар арасында 57 жағдай тіркелген.
Қаңтар айында 1837, ақпан айында 1950, наурыз айында 2138, сәуір айында 864 жағдай тіркелді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу