БҚО БОЙЫНША МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА 14,7 МЛРД. ТЕҢГЕ АУДАРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (ММС) шамамен 14,7 млрд. теңге аударылған. Мемлекет тарапынан экономикалық белсенді емес халық үшін 7,8 млрд. теңге төленген. Бұл 355 мың адам үшін. 3,7 млрд теңгеге жуық жұмыс берушілер, 2 млрд. теңге – жалдамалы жұмыскерлер, 2,7 млн. теңге – жеке кәсіпкерлер, 1,4 млн. теңге – БЖТ төлеушілер, 980 мың теңге – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша еңбек ететін жеке тұлғалар, 670 мың теңге – дербес төлеушілер жіберді. Жарналар мен аударымдардың төленуі туралы бүгін өңірлік коммуникациялыр қызметі ұйымдастырған 2020 жылдың 1 қаңтарынан баста іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл бойынша алдын-ала қорытындысы туралы брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «КЕАҚ» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова айтып берді.

– ӘМСҚ үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін атап өткен жөн. Бұл қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші – медициналық ұйымдары көрсеткен ӘМСҚ пакетінің медициналық қызметтеріне ақы төлеуге бағытталады. Ағымдағы кезеңде емделген жағдайлардың саны (барлығы 150 742 емделген) 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (барлығы 176 696 емделген) 25 954 жағдайға немесе 17,8% – ға төмендеді. Емделген жағдайлардың құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ, – дейді Нұржамал Жұмағұлова.
Қан айналымы жүйесінің ауруларына – 25 398 адам, (2019ж-33 956), тыныс алу органдарының аурулары – 16 132, (2019ж-25 100- 11%), несеп-жыныс жүйесінің аурулары – 11632 (2019 жылы-14 498) және ас қорыту органдарының аурулары– 11 376- (2019 жылы – 14 441) адам жолданған. Емдеуге жатқызу құрылымында жоспарлы тип барлық емделген жағдайлардың 54% -ын құрайды. (2019 жылғы 9 айда-21,3%); КВИ бойынша және карантиндік және провизорлық төсектерді қоса алғанда, 2020 жылы 16 383 пациент емделді. 2019 жылдың 11 айымен салыстырғанда жоспарлы емдеуге жатқызудың 37 147-ден 82 186-ға дейін өскені байқалады (МӘМС қаржыландыру көзіне жатқызылған босандыру диагнозы АЖ-ға «жоспарлы» тип бойынша енгізіле бастағаны есебінен).
Өңірде 8 медициналық ұйым КТ және МРТ қызметтерін көрсетеді (КТ 8 аппараты, 5 – МРТ жұмыс істейді), оның ішінде 5 облыстық/қалалық деңгейдегі тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, 1 – аудандық МҰ (ШЖҚ «Ақжайық аудандық ауруханасы» МКК), сондай-ақ 2 МҰ («Uniserv medical center», «Эдванс» ЖШС) КТ және МРТ қызметтерін амбулаториялық деңгейде көрсетеді.
Нұржамал Жұмағұлованың баяндауынша, медициналық ұйымдар осы медициналық мекемелермен қызметтер алу үшін қосалқы мердігерлік шарттар жасаған. 2020 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ «Көпбейінді қалалық аурухана»МКК базасында ангиографиялық қондырғы жұмыс істейді. Нейроинсультациялық орталық бойынша 23 пациентке 11 636 528 т сомасына қызмет көрсетсе, нейрохирургиялық бөлімше бойынша 91 131 307 тт сомасына 26 операция жүргізді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу