8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2021 1828 0
Қоғам

БҚО БОЙЫНША 4879 ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

БҚО-да биыл 5916 түлек мектепті бітіреді, соның 4879-і ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. ҰБТ 6 мамырда басталды. 30 маусымда аяқталады. Тестілеу 2 тестілеу пунктінде – «Ustudy» ЖШС базасында ұйымдастырылуда.

Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет электрондық форматта «бір тестіленуші-бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша өтуде. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылды.

Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді.

Ережелердің сақталуын компьютерлік бағдарлама бақылайды. Ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады.

Биылғы жылғы ҰБТ-ның ерекшелігі тестіленуші тестілеу орнын, күнін, уақытын өзі таңдайды және тестіленушінің өзі онлайн режимде тіркеледі. Сондай-ақ түлектерге тестілеу тегін.

Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады. Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер ҰБТ-ны екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер мамыр айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе маусым айында тапсыру мүмкіндігі болады.

Қатысушылар тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеу аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарды түзетуге болады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері қолжетімді болады.

ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады.

ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ апелляцияға өтініш бере алады.

Тестілеу пункттері металл іздегіш, ұялы байланысты тұншықтыру, бейнебақылау камералары және қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға арналған құралдармен толықтай қамтамасыз етілді.

ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық талаптар сақталуда.

Тестілеу процессін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Сондай-ақ ашықтық пен обьективтілікті қамтамасыз ету үшін ҰБТ-ны өткізу рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысуда.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»