БҚО БОЙЫНША 14 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
Оқу жылының үшінші тоқсаны басталғалы облыста 91 оқушы коронавирустық инфекция жұқтырған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев тіркелген аурушаңдықтың кәсіби құрамын жіктеп берді. Айтуынша, жұмыс істейтін адамдар арасында аурушаңдық көп. Қаңтар айында тіркелген 1561 жағдайдың 707-сі, яғни 45 пайызы осы санаттағылар. 290 науқас – зейнеткерлер болса, 247-сі – жұмыс жасамайтындар. Оқушылар арасында 114 жағдай, мұғалімдер арасында 72, медицина қызметкерлерінен 51 жағдай тіркелген.
– Үшінші тоқсан басталғалы 91 оқушының вирусты жұқтырғаны тіркелді. Қазіргі уақытта қала және аудан бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларымен жалпы 14 сынып карантинге жабылды, – деді М.Арыспаев.
Айта кетейік, қаңтар айы басталғалы БҚО-да коронавирустық инфекцияның 1561 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның 992 жағдайы белгілері бар, белгілері жоқ 569 жағдай.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу