БҚО АУМАҒЫНДА БІРНЕШЕ ФУРА ЖОЛ ЖИЕГІНЕ ТҮСІП КЕТКЕН
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта «Самара-Шымкент» тас жолының 490-522 шақырымында жол жиегіне түсіп кеткен 5 фура қалып отыр. Оның біреуіне техникалық ақаулығы және жол жиегінен шығаруға байланысты көмек көрсетілуде.

8 наурызда сағат 17.30 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолында Ақтөбе облысына қарай бет алған фура Сырым ауданы тұсында сынған. Көмек көрсету және эвакуациялау үшін №14 өрт сөндіру бекеті жедел жетті. Құтқарушылар жеткен кезде «Самара-Шымкент» тас жолының 490 шақырымында 3 фура рөлге ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткені анықталды. Жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан. Фураларды жол жиегінен шығару үшін көмек көрсетілуде.
«Сонымен қатар осы күні сағат 22.00-де «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» (4-104 шақырымда Орал қаласы – РФ шекарасы) тас жолының жабылуына байланысты, Бірлік кенті шамасының 80 шақырымында жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан 12 фура мен 3 жүк көлігі құтқарушылардың бақылауында болып, одан әрі жолға шығып кетті», – деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ сағат 23.49-да Орал қаласы Деркул-Белес ауылдық жолында Кардон кентінің шамасында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 3 жеңіл көлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылған. Құтқарылған 13 адамның үшеуі бала.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу