8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2021 1536 0
Дені сау ұлт

БҚО-ҒА 14 МЫҢ ДОЗА КӨЛЕМІНДЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА КЕЛДІ

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың мәліметінше, бүгінге  дейін 10095 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған. 

– Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 20 300 дозасы келіп түсті, оның ішінде 10 150 доза – I компонент, 10 150 доза – II компонент.  Бүгінгі таңда І компоненттің жалпы 10 150 дозасының 99,4 % егілді, бұл 10 095 адам. Күні кеше 14 000 доза көлемінде жаңа партия келіп түсті. Бұл І компонент үшін. Вакцинация кезеңділікпен және кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі кезде, қаулыға сәйкес, бірінші кезекте, халықтың коронавирусты инфекцияға шалдығу қаупі жоғары болып табылатын деңгейлері вакцинациялануда. Әр кезең толығымен қамтылған сайын иммундауға жататын халықтың қалған бөлігін одан әрі вакцинацияланатын болады, – деді Арман Қалибеков.

Облыс бойынша 30 медициналық ұйымда  екпе кабинеті жұмыс жасайды. Екпе алуға жазылу үшін тіркелген емханаға хабарласу қажет. Әр емханада вакцинация жөнінде ақпарат бұрышы ұйымдастырылған және жауапты мамандар бекітілді.

Айта кетейік, облыста 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»