«БҰЛ ҮЙДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТҰРАДЫ»
Дәл осындай атаумен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткен акция аясында батысқазақстандық ұстаздар ардагерлерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Педагогтар қауымы жылдағы дәстүрмен биыл да ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Отан үшін от кешкен, Жеңіс сыйлаған майдангерлерге рахмет айтып, гүл шоқтары мен мерекеге арналған сыйларын табыс етті. Ардагерлердің хал-жағдайларын біліп, өскелең ұрпаққа үлгі болар өмір жолдары, өнегелі әңгімелерін тыңдады.
– Сұрапыл соғыс жылдарында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін деп еңбек етті. Сол жылдары елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігі қашан да ел есінде. Аға буынның ардақты ісін кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырады деген нық сенім бар. Осы тұрғыда Жеңістің қадір-қасиеті күннен-күнге артып, мазмұны тереңдей түспек. Еліміздің ұйытқысы әрі жас ұрпақтың ақылшысы болып отырған ардагерлердің ерлігін құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз, – дейді БҚО Білім басқармасының өкілі Үміт Жәңгірова.




Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу