БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА ЖЕТІ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Жобалардың жалпы құны – 123,9 млрд теңге. Бұл ірі жобалар туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте аудан әкімі Марат Тоғжанов айтып берді.

– Ауданымызда жеті компания жобаларын жүзеге асыруда. Олар «World Green Company», «LLY «AGRO-ENERGY» , «Zhaik Petroleum LTD», «134», «СП СЫРЫМ», «Батыс Трейлер», «Bayston» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Инвестициялық жобалардың бірқатары биыл іске қосылмақ. Сондай-ақ 2021, 2022, 2023 жылға дейін жалғасатындары да бар, – деді Марат Лұқпанұлы.
Атап айтқанда, Мичурин ауылдық округінде «World Green Company» ЖШС қызанақ және қияр өсіру үшін жылыжай кешенін салуда. Жобаның құны 13 млрд. теңгені құрайды. Ол биылғы жылдың соңына дейін іске қосылмақ. Рубежин ауылында «134» ЖШС жылына 30,0 млн. кірпіш шығаратын кірпіш зауытының құрылысын жүргізуде. Жобаның құны – 1,2 млрд. теңге. Ол да жыл аяғына дейін іске қосылады.
Белес ауылында виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығының құрылысы, интернет платформаларды орналастыру және қызмет көрсету, «Дата центр» Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы ашылмақ. Қуаты 225 Мвт, құны 9,5 млрд. тенге болатын жобаны «LLY «AGRO-ENERGY» ЖШС жүзеге асырады. Сондай-ақ осы ауылда «Zhaik Petroleum LTD» ЖШС қуаттылығы 50 мың тонна сұйық метанол және жылына 137 мың тонна дизель отынының компоненті бар сұйық метанол өндіретін зауыт құрылысын жүргізуде. Аталған жоба құны 220,0 млн АҚШ доллары. Бұл жоба 2023 жыл іске қосылады деп күтілуде.
Январцев ауылында қуаттылығы жылына 13 мың тонна болатын көтерме тарату орталығының жеміс-көкөніс қоймасының құрылысы басталған. 2,5 млрд теңгеге есептелген бұл жобаны «Bayston» ЖШС 2022 жылы іске қоспақ.
«Батыс Трейлер» ЖШС Махамбет ауылында қуаттылығы жылына 200 бірлік, құны 860 млн. теңге болатын жартылай тіркеме техникасын өндіретін зауыт құрылысын жоспарлануда. Ол 2021 жыл жүзеге аспақ.
Сондай-ақ «СП СЫРЫМ» ЖШС Қазақстан мен Ресей шекарасында Самара-Шымкент тас жолы бойында «Сырым» логистикалық орталығының құрылысы басталған. Оның құны 300 млн. теңге. Бұл орталық 2021 жылдан бастап қызмет көрсетеді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу