8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2021 1807 0
Қоғам

БҮГІНЕН БАСТАП ЖАҢА ӘЛІППЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОЛЫНА ТИЕДІ

Биыл әліппе қайта оралды. Мамандардың айтуынша, ол Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы шыққан оқулығының түпнегізінде жасалған.

Сонымен, қазіргі әліппеде ұлт ұстазының кітабында ұстанған дыбыстық әдіс идеясы бар екен. Ондағы әріптердің орналасуы оңайдан қиынға бағытталған. Енді балалар сөйлем құрауды оңай игере алуы тиіс.

Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған оңтайлылықпен әліппенің қысқа мерзімде игерілетін тәртібі басшылыққа алынды. Бағдарламада осындай идеялар тұжырылымдаған соң, орталыққа 5 баспалық нұсқалар келді. Біз өткен жылдың қарашасы мен биылғы сәуір аралығында осы жұмысқа сараптама жүргізгенбіз, – дейді БҒМ Білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов.

Жаңартылған әліппеде заманауи технология да ескерілген. Оқулықтың әр бетінде QR-код бар. Оны сканерлеп, аудиожазбалар тыңдауға да мүмкіндік бар. Тіпті тапсырмалар да жалпылама берілмей, оқушыға қосымша ретінде арнайы дискте ұсынылады.

Жұрт шулап, қазақ мектебінің ұлттық негізін 3-4 жыл іздеді. Әліппенің оралуы мен үшін жақсылық нышаны. Білім саласына ұлттық иістің оралуы деп ойлаймын. Білім саласында ұлттық тәрбие мен ұлттық менталитет өзегі болмаса, біз ешқашан ұлттық мемлекет болмаймыз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы №90 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжан.

Жаңа оқулықтағы әріптердің реті өзгерген. Алғашқы «А» әрпінен кейін кезек бұрынғыдай «Б»-ға емес, «Р» әрпіне тиеді. Себебі Ахмет Байтұрсынұлы балаға әуелі «Ар» сөзін үйрету маңызды деген.

Ескерте кетсек, жаңарған оқулықтың алғашқы данасы мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған балалардың қолына 25 тамызда тиеді.

https://kaz.zakon.kz/5080210-zha-a-l-ppe-o-ushylardy-olyna-erte-tied.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
415 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
403 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»