БҮГІН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖҮРЕК КҮНІ
Бүкіл әлемде жыл сайын 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. Бұл күн жаһандық денсаулық сақтау акциясы. Оның басты мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жолдары туралы хабардар ету.

⠀ Жүрек адамның маңызды мүшесі, сондықтан оны күту біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керек. Осылайша бұл күн жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу адамның ұзақ өмір сүруінің және жалпы денсаулығының кепілі екенін еске салуға арналған.
⠀ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлованың айтуынша, қан айналымы жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулар тізбесіне кіреді. Яғни, аталған аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандарға консультациялық – диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарды алмастыратын және стационарлық көмек тегін қолжетімді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс басқа да қосымша қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіреді. Дәлірек айтқанда, сақтандырылған азаматтар үшін бейінді мамандардың қызметтері, диагностикалық тексерулер (КТ, МРТ, УДЗ), жоғары технологиялық медициналық қызметтер, зертханалық диагностика, күндізгі, тәулік бойы стационар қызметтері, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қолжетімді. Ең бастысы, дәрігердің негізделген жолдамасы қажет.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырумен, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігімен мамандар сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуін және медициналық қызметтер сапасының артуын күтуде.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу