«ҚАЗИИТУЛЫҚТАР» ТАҒЫ ДА ТАҢҚАЛДЫРДЫ!
«ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің студент-жастары қалың қарды «өз күректерімен» күреп, өткен-кеткен жұртты таңқалдырды.

Өйткені, осы оқу ордасында білім алып жатқан жастар өз ойларымен жасап шығарған жез күректерін 27-желтоқсан күні іске қосқан болатын. Олардың өз қолдарынан шыққан алып күректер (суретте) Орал қаласындағы екі бірдей ‘ҚазИИТУ’ аялдамасын, оқу кешенінің кең ауласын жəне М.Мəметова мен М.Мерəліұлы атындағы көшелерін əп- сəтте түнде түскен қалың қардан арылтты. Бұл туралы аталмыш кешеннің белгілі қызметкері Марат Рахымбердиев айтып берді:
– Облыс əкімі Алтай Көлгіновтің 26-желтоқсан күні кешкісін «Ақжайық» телеарнасынан халыққа берген тікелей сұқбатын түгелдей тыңдап шықтым. Осы сұқбатында өңір басшысы қала тазалығына, əр тұрғынның өздері ауласын қардан тазартуы керектігіне көп тоқталды. Сұқбаттан соң маған жақсы ойлар келді. «Неге, ҚазИИТУдағы жас техниктердің өз қолдарымен жасаған темір күректерін өз көліктерімізге тіркеп, қосып, қар күремеске?!» Ертесіне бұл ойымды құрылтайшымыз Ақсерік Сарыұлына айтып едім, бірден құптай жөнелді. Сөйтіп, біз «ҚазИИТУ-дың «Hummer H3», «Нива» көліктеріне жəне бір жеңіл автобусына күректерді жалғап, гидроверкамен қосып көрдік. Ойымыз жүзеге асты. Жылдамдығы күшті машиналарға тіркелген жез күректеріміз күртік қарларды қалағына іліп əкетті. Сөйтіп біз таза ауамен тыныстай жүріп, əрі керемет көңіл-күйге бөленіп, өз еңбегіміздің нəтижесіне көз жеткіздік. Көшедегі əрбір тұрғын жеңіл көліктермен қар күреп бара жатқан студенттерге ризашылықпен қарады. Бұл жұмысқа 120- студент білек сыбана кірісті. Олардың арасында қазіргі таңда қысқы сынақтарын тапсырып жатқандар да бар. «ҚазИИТУ» кешенінің кең ауласынан бастап, қаланың даңғарадай екі көшесін, екі аялдамасын сыпырғышпен сыпырғандай айнадай ғып тазаладық. Оқу ордасының басшылығы мен оқытушы-ғалымдары тағы бір жаңа техниканы ойлап тауып, кəдеге асырғанымызға қатты таңқалды, – дейді білікті маман Марат Қаршығалиұлы.
Иə, шынымен барша оралдықтардың назарын өздеріне аудартқан «ҚазИИТУлықтар» қала тазалығына алдағы уақытта да үлес қосып, көпке үлгі бола бермек. Ең бастысы, бұған дейін де түрлі роботтарды сөйлетіп, заманауи техниканың ғажайыптарымен елді тамсандырып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің де төрінен табылған «ҚазИИТУ» білім-ғылым кешенінің инновациялық тұрғыдан дамып кеткеніне таңдай қағып таңданбасқа болмайды. Бұл да аталмыш ғылым-білім кешенінің «Цифрлы Қазақстанға» қосып жатқан зор үлесі деп білген жөн.

М. ХАМЗАҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген «ҚазИИТУ» студенттері.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу