8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2020 1240 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДАН ҰШАҚҚА ОТЫРАРДА COVID-19-ҒА АНЫҚТАМА ТАЛАП ЕТІЛМЕЙТІН БОЛДЫ

 Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов әуе көлігінде Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен өту міндеттілігі жөніндегі талаптарды алып тастау туралы түсініктеме берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Осыған дейін мәлімделгендей, алдағы уақытта елдің ішкі әуе рейстеріне талаптар жұмсартылады. Себебі қазір сырттан келетін жолаушыларға COVID-19 белгілерін растайтын және басқа да талаптар бойынша арнайы мониторинг жүргізіледі.

Айта кету керек, 2020 жылдың 1-10 мамыры аралығында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша әуе кемесімен ұшып келген жолаушылар, әуежай қызметкерлері мен әуе кемесінің экипаждары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ.

Осыған байланысты, биылғы жылдың 11 мамырынан бастап жолаушылар, әуежайлар қызметінің өкілдері және экипаж үшін Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен өту міндетті талабы алынып тасталды.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»