ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екінші мәрте ұйымдастырған конкурс 15 қазанда аяқталды. Нәтижесінде БҚО Тасқала ауданы Шежін аулының әкімі Алғадай Жамбыл бірінші орынды иеленді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Осы орайда, «Үздік ауыл әкімі» конкурсының маңызы мен өзектілігі арта түсті. Өйткені конкурстың негізгі мақсаты – жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ халықпен белсенді ашық жұмыс жүргізетін үздік ауыл әкімдерін анықтау және ынталандыру», –деп жазды Агенттіктің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен.
Конкурсқа қатысу үшін еліміздің он төрт облысынан жүзден астам ауылдық округ әкімдері өтінім берген.
Облыстардың арасында Түркістан облысынан – 21 әкім, Батыс Қазақстан облысынан – 15 әкім және Жамбыл облысынан – 14 әкім конкурсқа өтінім беріп, белсенділік танытты. Алайда, үздік атануға ат салысқан үміткерлер арасында Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл өңірлік және республикалық деңгейлерде ең көп балл жинап, көзге түсті.
Алғадай Жамбыл осы ауданда туып өскен, мамандығы – мұғалім. Қызметтік жолын Тасқала ауданында бастаған ол 2019 жылы мемлекеттік қызметке орналасқан. Конкурстың республикалық кезеңінде ол ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы кооперативтерін жүзеге асыру арқылы қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған жобасын қорғады.
Бұдан бөлек, екінші орынды Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев және Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Абдикадир Сикимбаев бөліссе, үшінші орынды Павлодар облысы Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің әкімі Меруерт Мадагулова мен Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Исаев өзара бөлісті. Сондай-ақ, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің әкімі Нуржан Сеитов – «Үздік шаруашыл әкім», Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кентінің әкімі Марат Смағұлов – «Ашық әкім», Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі Қанат Ниетқұлов – «Үздік әлеуметтік жоба» номинацияларының иегерлері атанды.
Конкурс жеңімпазы «Үздік ауыл әкімі» статуэткасымен, сондай-ақ әр түрлі номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталмақ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу