ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТАҚЫРЫБЫНА МАРКА ШЫҚТЫ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы.
Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді.
Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті.
«Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндіктерін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттік қылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканы шығару – осы жолдағы қадамның бірі», – деді Алик Шпекбаев.
Ұлттық пошта операторының басшысы Сәкен Сәрсенов: «Марка шығару – Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеясын таратуға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне жол бермеу туралы Елбасы мен Мемлекет Басшысының ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретін құрметті әрі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті.
Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Автор және графикалық дизайнер Д.Со, техникалық дизайн І.Оңғарбай.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу