ҚАЗАҚСТАНДА СОҒЫС БАЛАЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ АНЫҚТАЛДЫ МА?
Соғыс ардагерлерінің қатары сиреп, балалық шағы соғыс жылдарына тура келген азаматтардың өзі 80 жасты еңсеріп қалды. Біз осыған дейін осы мәселені көтеріп, соғыс балаларының мәртебесін анықтаудың кезі келгенін жазғанбыз. Себебі Қазақстанда кейбір посткеңестік елдерден айырмашылығы соғыс балалары ерекше мәртебеге ие емес және жәрдемақы алмайды. Балалық шағын соғыс ұрлаған азаматтар тыл ардагерлері санатында да емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бүгін журналистермен кездескен кезде олардың соғыс ардагерлерімен теңестірілмеу себебін түсіндірді.
Қазақстанда тиісті заңды қабылдауға талпыныс жасалды 2011 жылы сол кездегі Сенат депутаты Хусаин Уәлиев Үкімет басшысына Ұлы Отан соғысы ғана емес, тыл еңбеккерлерінің қатары да сиреп келе жатқанын, «соғыс уақытындағы балалар» атты әлеуметтік санат жоқ екенін айтып, «Соғыс уақытындағы балалар және олардың мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу, оны қабылдасақ игі деген ой тастаған еді. Бірақ бұл сауал хабарсыз кетті.
Сарапшылар қазір 1936 жылға дейін туғандарды соғыс және тың ардагерлері деп атайтынымызды, жыл сайын осы санатқа қосылатын адамдардың жасын жоғарылатуға болатынын айтады. Олардың пайымынша, 1937-1945 жылдары туған азаматтарды да осы санатқа қосуға болады. Соғыс ардагерлерінің тең жартысы үлкен қалаларда тұрады. 1937-1945 жылдары туған азаматтардың қанша екенін анықтау қиын емес.
Посткеңестік кеңістіктегі соғыс баласын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде туылған немесе соғыс аяқталған кезде олар әлі 18 жасқа толмаған адамдар деп атайды. Қазақстанда Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2020 жылы 472 мың адам болған, олардың балалық және жастық шағы осы жылдарға сәйкес келген. Украинада «соғыс баласы» термині заңнамада бекітілген. Олар жәрдемақы мен зейнетақы үстемесіне құқылы. Қазақстандағы қолданыста жүрген заңдарда «соғыс балалары» ұғымы және олар үшін әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылмаған. Шындығында, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің еліміздің аумағында тікелей ұрыс қимылдары болған жоқ », деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында. Ресейде федералдық заңнама деңгейінде «соғыс балалары» ұғымы да жоқ, бірақ кейбір аймақтарда (мысалы, Амур, Белгород, Пенза облыстарында) оларға зейнетақы төлемдері беріледі.
«Егер біз Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының тәжірибесін алатын болсақ, онда ең алдымен осы кезеңдегі жұмыс тәжірибесіне баса назар аударылады. Қазақстанда бұл санаттағы азаматардың жалпы саны – 80 мыңнан асады», деп толықтырды Әукенов.
https://egemen.kz/article/273999-qazaqstanda-soghys-balalarynynh-martebesi-anyqtaldy-ma
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу