ҚАЗАҚСТАНДА БАСПАНА БАҒАСЫ АРЗАНДАУЫ МҮМКІН
Қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру қажет, – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандықтар зейнетақы ақшасының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына байланысты баспана мәселесін шешті. Адамдар ипотекасын төлеп, несие көлемін қысқартты. Бұл – әділетті қоғам құрудың бір жолы. Көпшілікті қуантқан шешім ҰКСК-да қолдауға ие болған еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 11,2% -ға артқан, бірақ тұрғын үйлердің 40% -ы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пайдалануға берілген.
Баспаналардың көпшілігі өте қымбат. Қазір құрылыс компаниялары арзан тұрғын үй сала алмай отыр. Осыған байланысты, қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін құрылыс компанияларымен сатудың офтейк шартын жасау қажет. Сонда баспана «Нұрлы жер» бағдарламасының бағасымен сатып алынады. Бұрын мұндай құрал сынақ жоба ретінде енгізілсе, енді оны бүкіл ел бойынша кеңкөлемді масштабта қолдану қажет. Бұл қолжетімді бағамен қысқа мерзімде тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу