8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Ақпан 2021 1285 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА 65 ЖАСТАН АСҚАНДАРҒА COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

 Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қаулымен жастың жоғарғы шегі бойынша шектеуді алып тастадық. Бірақ, қарт адамдарға вакцина салмас бұрын, олардың денсаулығын, қандай да бір ілеспе ауруларының бар-жоғын мұқият тексеру қажет», – деді Қиясов телеарна эфирінде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство 65 жастан асқан адамдарды вакциналау жоспарына қосу мәселесін қарайтынын мәлімдеді. Ол созылмалы аурулардың бар-жоғы, аллергиялық реакция ескерілетінін нақтылаған болатын.

Дүйсенбі, 22 ақпанда, денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алды.

Министрлік санитарлық талаптарды сақтау мақсатында медициналық мекемеге журналистерді шақырған жоқ.

Жыл соңына дейін алты миллионға жуық қазақстандыққа вакцина салу жоспарланып отыр.

https://sputnik.kz/society/20210222/16357238/COVID-19-vaktsina.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
102 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
161 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
225 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
260 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»