ҚАЗАҚСТАН ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕЛДЕР ҮШІН ШЕКАРАСЫН АШАДЫ
Қазақстан визасыз режим қолданылатын елдер үшін шекарасын ашады. Тиісті шешім ВАК отырысында шығарылды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап визаны ресімдеуді қажет етпейтін 74 мемлекеттің тұрғындары елге келе алады. Осыған қарамастан, кірер алдында туристерге КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан рұқсат алу, сондай-ақ өз елінен тікелей рейспен ұшып шығу қажет.
Сондай-ақ, вакцина алғанына қарамастан, 72 сағат ішінде жарамды COVID-19 теріс ПТР-тесті туралы анықтаманы ұсыну міндет. Бірге алып жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.
Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе қысқартылды, енді қазақстандықтар 15 тәулікте 1 рет шыға алады.
https://kaz.tengritravel.kz/my-country/kazakstan-vizasyiz-rejim-koldanyilatyin-elder-ushn-333629/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу