Қазақстан туын Абзал ұстап шығады
Биыл 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстан туын жерлесіміз, шорттрекші Абзал Әжіғалиев алып шықпақ.
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері және дене тәрбиесі комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаевтың мәлім еткеніндей, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы әлем кубогы кезеңдеріне қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Сөйтіп, шорттрекшілер өз тарихында алғаш рет Олимпиаданың он жолдамасына ие болды. Сондықтан ту көтеруші ретінде шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің таңдап алынуы тегін емес.
Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 1992 жылы дүниеге келген. Оралда 2001 жылы жабық мұз айдыны сарайы ашылғаннан кейін шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков дайындаған шәкірттерінің бірі. Ол Сочи Олимпиадасында негізін батысқазақстандық шорттрекшілер құраған ҚР ұлттық құрамасы сапында 5 мың метрлік эстафетада бесінші орынға табан тіреді. Ал 2016 жылы қарашада АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде 500 метр қашықтықта айды аспанға шығарып, жеңімпаз атанды. Ол мұндай табысқа қазақстандықтар арасынан тұңғыш рет қол жеткізді. Одан кейін өткен жылы Алматы қаласында ХХVІІІ дүниежүзілік қысқы универсиадада және Минскіде әлем кубогы кезеңінде дәл сол қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.
Абзал Әжіғалиев қазіргі таңда командаластарымен бірге Голландияда жаттығуда. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері М.Қарсыбековтың сөзіне қарағанда, Абзал Олимпиадада өзінің оң жамбасына келетін 500 метр қашықтықта сынға түседі.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу