«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ»
Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемиямен күресте жұдырықтай жұмыла білген халқымызға алғысын білдіріп, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауда ерен еңбек еткен дәрігерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің, еріктілер мен кәсіпкерлердің қызметін айрықша атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты және жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтау сияқты негізгі басты міндеттерді айқындады. Пандемия кесірінен болған дағдарыс бүкіл әлемге ауыр соққы болды. Соған қарамастан мемлекет дағдарыс кезінде табыссыз қалған тұрғындарды қолдау шараларын күшейтіп, әлеуметтік жәрдем беруді жалғастырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында өткен облыс активінде жан-жақты талқыланды. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, саяси партиялар филиалдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы шикізат нарығынан тәуелсіз болатын жаңа жағдайдағы іс-қимыл шараларын қабылданып, жеті қағидатқа негізделген тың бағыттағы экономикалық саясат жүзеге асатынын мәлімдегені белгілі. Елде шағын және орта бизнестегі жалпы ішкі өнімнің үлесі 2025 жылға қарай 35%-ға дейін артуы тиіс. Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін емес. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Осыған байланысты облыс әкімі Ғали Есқалиев бұл бағытта қолға алынған іс-шараларға тоқталды. – Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Тәуелсіздік жылдарына дейін өңірде 2 миллионға жуық гектар егістік жерлер болған болса, бүгінде оның саны 542 мың гектарды құрайды. Ал жайылым 10 млн 540 мың гектар болса, қазіргі таңда жайылым жерлер 5 млн 527 гектарды құрап отыр. Яғни Батыс Қазақстанда жайылым және егістік жерлерін арттыруға мол мүмкіндік бар. Аталған бағытта ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылдан бері мемлекет меншігіне көлемі 108 мың га жерлер қайтарылып, 33 мың га қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, 442 мың га жер телімдерін қайта игеру басталды. Осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыру және жеделдету мақсатында өңір жерлерін цифрлы форматта көруге мүмкіндік беретін геоақпараттық портал аяқталуда. Жолдауда ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланатыны және табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жататыны атап өтілді. Президентіміз ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында аграрлық секторға инвестиция тарту қажеттігін баяндай келе, жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын қадап айтты. «Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділері жұмыс тиімділігін арттырса, үлкен нәтижелерге қол жеткізу қиын емес. Әрқайсымыз азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру туралы Елбасы стратегиясының жүзеге асырылуына жауаптымыз, – деді өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.
Жиында «Конденсат» акционерлық қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Фарид Бахтиозин, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, «Alfa 99» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Марат Каженов, Ақжайық ауданы «Мұқадес» шаруа қожалығының жетекшісі Ақылбек Сағитов сөз алып, Жолдау ауқымында жүзеге асуы тиіс міндеттемелер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Мемлекет басшысы тапсырмасымен 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары баспана немесе білім алуға және емделуге зейнетақы қорындағы қаржы бөлігін пайдалана алады. Өңір басшысының мәлімдеуінше, облыста 26 мың адам үй кезегіне тіркелген. Олардың 75 пайызы – облыс орталығынан. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы ауқымында өңірде 21 көп пәтерлі үй тұрғызылуда. Ауыл-аймақта 139 үй пайдалануға беріледі. Осы орайда облыс әкімі Жолдау ауқымында білім, денсаулық, цифрландыру саласы бойынша басты бағыт-бағдарларды атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу