АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
Орал қаласы әкімдігі 2 ақпаннан бастап ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілетінін хабарлайды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау шаралары аясында «LTD Altyn Nar Traide» ЖШС-нің қатысуымен «Весы» сауда үйінде көкөніс, жеміс-жидек және өңделген тағамдар сататын сауда орындары 2 ақпаннан бастап ашылады. Қаламыздағы кәсіпкерлік қызметті қолдау мақсатында сауда орындары тауар өндірушілерге тегін беріледі. Осы ретте қала әкімдігі шаруа қожалықтарын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілерді, сондай-ақ көтерме жеткізушілерді аталған жәрмеңкеге қатысуға шақырады. (Байланыс телефоны: 8 775 655 71 97, 8777 567 70 15).
Қала басшысы М.Мұқаевтың сөзінше, өткен жылы шаһарда 29 ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Жүйелі өткізілген жәрмеңкелерде 80-ге жуық тауар өндіруші өз өнімдерін делдалсыз, өз бағасында тұтынушыларға ұсынған. 1 128 тонна ауылшаруашылық өнімі 397,1 млн. теңгеге сатылған.
Ауа-райының салқындығына байланысты кезекті жәрмеңке жаңадан ашылған жабық базарда өткізілмек.
«Весы» сауда үйінің мекенжайы: Д.Нұрпейісова көшесі, 40 («Жалын» базары артында).


Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу