Ауылдасын өлімге қиды!
Теректі ауданы Жаңа өмір ауылында із-түссіз жоғалған адам өлі күйінде табылды. Бұл фактінің ҚР ҚК 99 бабы 1-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қайғылы оқиға осы үйде болған. (Суретте.) 62 жастағы күдікті 66 жастағы рөмкілесін пышақтап өлтірген. Полицейлердің берген ақпаратына сүйенсек, олар ішімдік ішу барысында сөзге келіп қалған. Қанды оқиғаға себепкер айыпты өзінің әрекетін жасыру үшін марқұмды өртеп жібермек болған. Алайда ол тәртіп сақшыларының қолына түсті.
Қылмысқа жауаптыға тағылған айып бабы бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.– 1 маусым күні қайтыс болға азаматтың «А» есімді туысы оның жоғалып кеткені туралы хабар берді. Оны іздестіру шараларына полицейге қоса ауылдықтар да жұмылдырылды. Күдік тудырған үйдің ауласындағы шөптің арасынан мәйіт табылды. Жартылай өртелген. Және денесінде пышақ іздері бар. Сараптама қортындысы бойынша күшпен өлтірілген. Ол қамауға алынды,- деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов.
Күдікті 2 маусым күні ұсталған. Ал қылмыс одан екі күн бұрын болған. Айыпты бұған дейін де істі болған көрінеді.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу