АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ІЛГЕРІЛЕУ БАР
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 13442,2 млн. теңге қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 742,0 млн. теңге, мал шаруашылығына – 3132,1 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды субсидиялауға – 2657,8 млн. теңге, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға – 4194,9 млн. теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2196,6 млн. теңге, басқа да шараларға – 518,8 млн. теңге бөлінді.
Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айында ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 4648,8 млн. теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 1698,4 млн. теңгеге 298 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.
Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 21623,9 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 66,0 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 21550,1 млн. теңгені, қызметтер – 7,8 млн. теңгені құрады. Статистикалық ақпарат бойынша физикалық көлем индексі өткен жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 102,1 %-ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 100 пайыз, мал шаруашылығы – 102,1 пайызды, қызметтер – 100 пайызды құрады.

Дәнді дақылдар көбейді
Меморандумға сәйкес барлық дәнді дақылдардың алқабы 265,0 мың га. алқапты құрауы тиіс, оның ішінде өткен жылдың күзінде 76,6 мың га. алқапқа күздік дәнді дақылдар егілді. Сәйкесінше, жаздық дәнді дақылдар 190 мың га. алқапқа егіледі деп күтілуде. Майлы дақылдардың егіс алқабы 64,8 мың га. болады деп көзделуде. Соның ішінде күнбағыстың егіс алқабын 51,0 мың га. дейін жеткізу межеленіп отыр. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемін 10,0 мың га. жеткізу жоспарлануда. Соның ішінде картоп – 4,3 мың га. көкөніс дақылдары – 3,8 мың га, бақша дақылдары – 1,9 мың га. отырғызылады деп күтілуде.
Мал шаруашылығындағы басты міндет мықты мал азықтық базасын құру болып табылады. Биылғы жылы мал азықтық дақылдарының егістік көлемі – 202,5 мың га. құрайды, оның ішінде бір жылдық шөптер – 41,7 мың га., сүрлем дақылдары – 0,6 мың га, көпжылдық шөптер – 18 мың га.
Көктемгі далалық жұмыстар уақытылы басталды
Ағымдағы жылы ауа райының қолайлы болуына орай көктемгі-далалық жұмыстары уақытымен басталды. Қазіргі уақытта облыстың аумағында 396,6 мың гектар жерде ылғал жабу жұмыстары аяқталды. 2019 жылдың 20 мамырына 139,4 мың гектар немесе 73,4 % жаздық дәнді дақылдар егілді, оның ішінде жаздық бидай – 95,4 мың га, арпа – 39,8 мың га, сұлы – 0,7 мың га. және басқа да дақылдар 3,55 мың гектар. Бұдан басқа 54,6 мың гектар майлы дақылдар 84,3% егілген, оның ішінде 32,9 мың га. күнбағыс. Облыс аумағында 1796 гектар картоп, 1009 гектар көкөніс пен 459 гектар бақша дақылдары отырғызылды. Мал азықтық дақылдары 16,2 мың гектарға немесе 26,9%, оның ішінде
8,9 мың га. көпжылдық және 6,9 мың га. біржылдық дақылдары егілді.


Толығырақ «Жайық үні -Жизнь города» газетінің 2019 жылғы 20 маусым күнгі №24 санында.
Берік ЕСЕНҒАЛИЕВ, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу