АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОЛДАУ БАР
Алдағы жылға арналған облыс бюджеті 194,4 млрд. теңгеге бекітілді. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 40-шы сессиясында мәлім болды. Сессия жұмысына өңір басшысы Ғали Есқалиев қатысты. Облыстық бюджет бұрынғыдай халықты әлеуметтік қолдауға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, батысқазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, соның ішінде жаңа мектептер, тұрғын үйлер салуға және автомобиль жолдарын қайта құруға бағытталған.

2021 жылға арналған БҚО бюджеті республикадан трансферттер есебінен 75,3 миллиард теңгені құрайды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюповтың мәліметінше, бюджет шығыстары аймақтағы барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, жаңа жылда білім беру саласының дамуын қамтамасыз ету үшін 854,8 млрд. теғге қарастырылып отыр. Оның ішінде 53,9 млрд.теңге жалпы білім беру процесін ұйымдастыруға жұмсалса, балабақшалардың жұмысына – 111,1 млрд теңге, балалардың қосымша білім алуы мен спорт секцияларына – 5,7 млрд. теңге, колледждерге, университеттерге мамандар даярлауға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға – 8,2 млрд.теңге, оқулық сатып алуға – 2,9 млрд.теңге бағытталып отыр. Өңірдегі мектептердің құрылысы мен қайта жаңартуға бюджеттен 2,3 млрд.теңге бөлінбек. Осы қаражат есебінен Қазталов ауданы Қазталовка ауылында 600 орындық мектеп пен Оралда 300 орындық №33 мектептің құрылысы аяқталмақ және облыс орталығында 300 орындық №18 мектептің және 900 орындық №53 мектеп құрылысының жобасына сараптама жүргізілмек. Денсаулық сақтау саласының сапалы және үздіксіз жұмысын ұйымдастыруға 2021 жылғы бюджетте 2,2 млрд. теңге бөлінген. Соның ішінде емханалар мен ауруханаларды медициналық жабдықтармен жабдықтауға 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр. Алдағы жылы Оралдағы Саратов тасжолы бойындағы айналмалы кәріз коллекторын қайта жаңартуды аяқтау үшін 179 миллион теңгеден астам қаражат жоспарланған. Тағы 48,6 миллион теңге Теректі ауданы, Алғабас, Придорожное және Богдановка ауылдарындағы әлеуметтік нысандарға газ құбырын тартуға бағытталмақ. Келесі жылы тұрғын үйді, инженерлік желілерді, газ және сумен жабдықтау желілері құрылысын аяқтауға және бастауға 2,6 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Өңіріміздегі күре жолдарды күтіп ұстау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына қазынадан 1,6 миллиард теңге шығындалады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстары 240 млрд. теңгені құраған болатын. Алайда сала маманы облыс бюджеті әлі де өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Алдағы жылдан бастап «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес ауылдық мектептердің мұғалімдеріне коммуналдық қызметтер – электр энергиясы, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау төлемдеріне қолдау көрсетілмек. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған көмекке ие болатын мұғалімдер тізімі оқу жылының басында нақтыланатын болады, әлеуметтік көмек мөлшері 43 АЕК құрайды және жылына бір мәрте төленеді.

Сессия соңында өңір басшысы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосқандары үшін халық қалаулыларына ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу