ҚАУІПТІ КӘРІЗ ЛЮКТЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ
«Jas Otan» ЖҚ Батыс Қазақстан филиалы мен БҚО Төтенше жағдайлар департаменті «Қауіпсіз қала» акция-рейді аясында ашық тұрған люктерге және газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізді.

CityCenter, Еткомбинаты, Школьник, Юбиляр және Юбилейный аудандарындағы люктердің қақпақтарын бақылау нәтижесінде 15 құдықтың қауіпті жағдайда екені анықталып, тиісінше Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Батыс су арнасы» және «Жайық жылу қуат» мекемелеріне апатты жағдайдағы ашық люктар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар алдағы уақытта осы қауіпті құдықтар бойынша тиісті деңгейде жұмыстардың қамтамасыз етілуін жасотандықтар мен қадағалайтын болады.
сондай-ақ еріктілер «Өскен» ауылы «Томирис» саяжайында газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізіп, өрт қауіпсіздіктерін алдын алуға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында 20-дан астам ашық және зақымдалған люк анықталды, 5 кәріздік люк апатты жағдайда деп танылды.
Рейдке 100-ден астам «Jas Otan» ЖҚ ,«Орал» студенттер альянсы» және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Руханият» еріктілер тобының жастары қатысып, қаланың қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтындарын көрсетті.
Орал қаласының аумағынан қауіпті құдықтар мен газ құрылғыларын байқаған жағдайда 8 776 098 07 07 whatsapp нөмірі арқылы хабар беруілеріңізге болады.


Ерлік Шамғалиев, «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ төраға орынбасары
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу