«Аudi» маркалы автомобиль өртенді
Адамдардың еркін жүріс-тұрысы қалада да, ауылдық жерлерде де, ерекше өсті, соңғы жылдары автомобиль паркі де едәуір көбейді. Қазіргі заманғы автомобиль күрделі техникалық құрал болып табылады, ол алдыңғы қатарлы әзірлемелерді біріктіретін, оны қиындататын және жетілдіретін күрделі техникалық құрал болып табылады. Алайда, олар да материалдық шығынға, ал кейде адамдар өліміне әкелетін кез келген себептермен автомобиль өрттерінің туындау мүмкіндігіне қарсы тұра алмайды.

8 қыркүйек күні сағат 09.54-те Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Молодежная көшесі, Кристина автобус аялдамасы ауданында 1989 жылы шыққан Audi-80 маркалы автокөлік өртенді. Шақырту орнына жеке құрамнан 4 адам және 1 бірлік техника шықты. Өрт сағат 10.01-де сөндірілді.
Өрт пайда болған кезде қолданылатын бірнеше кеңестер: егер өрт шыққан болса, көлікті жол жиегіне дереу тоқтату қажет. Отты киіммен немесе басқа затпен тоқтатуға тырыспаңыз, себебі уақытыңызды зая кетіресіз. Сонымен қатар, сіз жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. Өрт сөндіргішті қолданбай отты сөндірудің барлық әрекеттері тиімсіз.
Егер өрт капот астында шыққан болса, таяқпен немесе монтировкамен біртіндеп және өте абайлап оны ашу керек, өйткені жалын капоттың сыртына шығуы мүмкін. Машина астына төгілген отынды сөндіру үшін өрт сөндіргішті пайдалану керек. Өрт сөндіргішті барынша қарқынды жану ошағына бағыттау керек. Отты брезентпен жауып, құм, топырақ төгіп, су құю арқылы сөндіруге болады. Егер сіз майланған киім немесе бензин сіңген киім киген болсаңыз, өртті сөндіруге болмайды.
Әрбір машинада жұмыс жағдайындағы өрт сөндіргіш болуы тиіс және оның жарамдылық мерзімін үнемі тексеріп тұру қажет. Кезең сайын өрт шығу қаупімен байланысты электр шаруашылығының және автомобильдің басқа да бөліктерінің жай-күйін көзбен шолып тексеру, қажет болған жағдайда мамандарға көрсетіп тұрған жөн. Автомобиль салонында ересектердің қарауынсыз балалардың қалуына, сондай-ақ от жағу көздерін (сіріңке, оттықтар) сақтауға жол бермеу қажет.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу