АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылу күніне орай бүгін, 14 ақпан күні «Батыс су арнасы» ЖШС басшылығы және «Орал қ. бойынша Су арнасының жергілікті кәсіподағы» ҚБ мекемеде қызмет жасайтын Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Ауған жерінде интернационалдық борыштарын өтеген Василий Чуреев , Меңдібай Қарасаев, Мәлік Сұлтанғалиев, Бекболат Жұмалиев, Константин Лыков, Юрий Туманов, Сержан Хамитов «Батыс су арнасы» кәсіпорнында ұзақ жылдардан бері қызмет етуде.
Туманов Юрий Георгиевич – Су тазалау құрылыстарының жөндеуші-слесарі болып 1987 жылдан бері жұмыс жасайды және өз жұмысын аса жоғары жауапкершілікпен орындайтын және өзінің көп жылғы еңбек тәжірибесі мен дағдыларын жас мамандарға үйретуден жалықпайтын кәсіпорын ардагерлерінің бірі.
Чуреев Василий Николаевич – 12 жылдан бері кәсіпорындағы Құрылыс-жөндеу учаскесінің бастығы, өз ұжымын шебер басқарып келеді. Учаске ұжымының жұмыстағы ұйымшылдығының арқасында Василий Николаевич бүкіл ұжымға сыйлы.
Сұлтанғалиев Мәлік Сарсенбайұлы, Жумалиев Бекболат Салекенович – 2009 жылдан бері, ал Карасаев Мендибай Галимович 2015 жылдан бері Кәріздік сорғы стансасының машинистері болып еңбек етеді, кәріздік сорғы стансаларының апатсыз жұмысы осы адамдардың жеке жауапкершілігі мен өз міндеттерін мінсіз атқаруына тәуелді.
Лыков Константин Васильевич – 2012 жылдан бері Су тазалау құрылыстарының автотиегіш-машинисі болып еңбектенуде. Кәсіпорынның ең жауапты учаскесінде өз міндетін абыроймен атқарып жүрген еңбегіне адал және ұқыпты қызметкер.
Хамитов Сержан Жумабаевич – кәсіпорынның Көлік цехында жүргізуші болып 7 жылдан бері жұмыс жасайды, біздің кәсіпорынның жүргізушілері тәулік уақытымен, өзінің жеке уақытымен есептеспей еңбек етеді. Өйткені желідегі апаттар мейрамдар мен демалыстарды күтіп тұрмайды.
Олар ауған соғысында кеңес әскерінің құрамында отан алдындағы өз борыштарын атқарды, ал бүгінгі күні қаламызды үздіксіз сумен қамту мен суды бөлу ісіндегі өздерінің қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыруда. Кәсіпорында Ауған соғысының қатысушыларын жыл сайын құттықтау игі дәстүрге айналған және 2019-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың «Қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер» атты 9б. 9.2.т. 9.2.9т. сәйкес 15 ақпан – Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару күніне орай ауған ардагерлеріне ҚР бойынша 5 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу