АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕМДЕРІН ТАҒАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҚТАНДЫРАТЫН БОЛАДЫ
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бұл процесс орталықтандырылған болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов мәлімдеді.
АӘК алушылар санының өсуіне байланысты 2021 жылы Еңбекминінің қызметкерлері АӘК тағайындауға көшпелі мониторинг жүргізді, нәтижелері бойынша елдің жекелеген өңірлерінде бұзушылықтар анықталды, бұл көмек алушылардың өсуіне әкелді. Мысалы, Шымкентте 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар санының өсуі 28,5% – ды құрайды, бұл ең жоғары өсім.
«Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Болашақта мұндай фактілер қайталанбауы керек. АӘК тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы төлемдерді орталықтандыру жұмыстары басталды», – деді Серік Шәпкенов.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Кіру
Пікір үстеу