АСТАНАДА ЖАҢА МЕШІТ САЛЫНАДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңамешітінің құрылыс орнында іргетасын қалау рәсіміне қатысты. ЭКСПО аумағында орналастын жаңа мешіт салуға жеке демеушілер мен бизнес қауымдастықтар ат салысатын болады, деп хабарлады BAQ.KZ.


Елбасы бұл жобаны өзі басынан соңына дейін жеке қадағалайтынын, Наурыз мерекесі алдында ырымдап қолға алып жатқанын жеткізді.
«Біз бұрынғы және қазір салынған барлық қолданыстағы мешіттерді зерттеп, қарап шығып, ең үздік жобаларды таңдадық. Бұл жобаны өзім қарап шықтым. Құрылысты басынан аяғына дейін қадағалаймын», – деп атап өтті Мемлекет Басшысы.
Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болады деп күтіліп отырған ғибадатхана 9,4 гектар жерге салынады және 57 мың шаршы метр аумақты алмақ.
«Сонымен қатар, бұл жай ғана діни нысан емес, ол Астананың туристік нысандарының бірі болады. Мен БАӘ-гі шейх Заидтің алтын мешітін көрдім. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын ашылғанына қарамастан, жыл сайын оған алты миллион турист келеді екен», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мұнаралары 130 метр биіктікке шаншылса, бас күмбезінің биіктігі 88,2 метрді құрайтын болады.
Ер адамдардың намаз аумағы 15 000 адамды қамтыса, әйел адамдардың бөлмесі 3000 орынға шақталған.
«Астана – 2020» қорының атқарушы директоры Нұржан Мыңжасаровтың айтуынша, жаңа мешіт Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болады.
«Бұл мешіт өз өлшемдерімен бірегей. Орталық Азиямен ТМД елдерінің ірі мешіті болады. Сондай-ақ әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Жалпы ауданы 57 мың шаршы метр, негізгі залы – 15 мың шаршы метр. Жалпы сыйымдылығы 30 мың адам болады. 3000 шаршы метр әйелдер намаз залы. Мұнараның биіктігі 130 метр, орталық күмбездің биіктігі 88 метр» – дейді ол.
Н.Мыңжасаров жаңа мешіттің құрылысын 24 айда аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
Ал құлшылық орнынан басқа бөлмелелері 12 000 адамды сиғызатын болады.


Бауыржан ЖУАСБАЕВТЫҢ суреттері
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу