«Қарызсыз қоғам» – қарызсыз болашақ

«АMANAT» партиясының Halyk Bank-пен бірлесіп жасаған “Қарызсыз қоғам” жобасы әлемдік проблеманы өзімізден бастап шешуді мақсат етті. Тұрғындарды қаржылық сауаттылыққа шақыратын аталмыш жоба мамыр айының 2-сінен басталып, 30 қарашаға дейін жалғасты. Бір топтың оқу мерзімі 5 күнді құраса, топ құрамындағы әр 20-100 адам өз қаржысын орынды пайдаланудың қыр-сырын меңгерді. Оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар және несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық аудандарда ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін 8621 адамды оқыту жоспарланып, аталған мерзім ішінде 9403 адам оқудан өтті. Бұл ретте «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан облысымызға 9 оқытушы бекітілді.
Оқудан өткен азаматтар:
1.Ақжайық – 530
2.Байтерек – 625
3.Бөкейорда – 350
4.Бөрлі – 630
5.Жаңақала – 476
6.Жәнібек – 222
7.Қаратөбе – 421
8.Казталов – 648
9.Сырым – 410
10. Тасқала – 450
11. Теректі – 653
12. Шыңғырлау – 387
13. Орал қаласы – 3601
Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.
Аталған оқу келер жылдары да өз жалғасатын табатын болады. Облыс әкімдігі жанынан арнайы жобалық кеңсе құрылып, арнайы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, келесі жылға жоспарлар жасақталуда.
Бұл ақпараттар «AMANAT» партиясы БҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты – Аткешов Нұржан Ғалымжанұлының арнайы жүргізген тікелей эфирінде баяндалды.
«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру